Чавушоғлұ Идлиб жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ Идлибте шабуылдың доғарылуы керектігін Ресейге жеткізгендерін айтты.

1360462
Чавушоғлұ Идлиб жайлы маңызды мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ Идлиб жайлы маңызды мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «56-шы Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына» қатысу үшін Германияның Мюнхен қаласына барған еді. Министр Чавушоғлұ бұл жерде журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Чавушоғлұ Идлибте шабуылдың доғарылуы керектігін Ресейге жеткізгендерін айтты.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескенін түсіндірген Чавушоғлұ «Делегациямыз Мәскеуде кездесу өткізеді. Алдымен Сергей Лавровпен кездестік. Кездесуде Идлибте шабуылдың доғарылуы керектігін түсіндірдік. Атысты тоқтату келісімін атқаруымыз керектігін де айттық. Бұл тақырыптарды делегациямыз Мәскеуде тағы қолға алады» деген сөздер қолданды.

Министр Чавушоғлұ Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен де кездескенін білдірді. Чавушоғлұ Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен бас қосу барысында  қытайлық әріптесіне жаңа коронавирус (Kovid-19) салдарынан қаза тапқандарға қайтадан көңіл айтып, қосымша медициналық материалдар жіберуге дайын екендерін тілге тиек еткенін атап өтті.

Әсіресе ұйғыр түркілердің жағдайын қолға алғандарын түсіндірген Чавушоғлұ «Ұйғыр түркілеріне байланысты әрқашан осы тақырыпты күн тәртіпке әкелудеміз. Қытайдың тең бір азаматы ретінде барлық құқықтарды қолдана алуы, тыныштық және бейбітшілік ішінде өмір сүруі біздің әрқашанғы үмітіміз» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар