Чавушоғлұ Израильге наразылық көрсетті

Чавушоғлұ «Түркия әрқашан Палестина халқының қасында» деді.

1270302
Чавушоғлұ Израильге наразылық көрсетті

Чавушоғлұ Израильге наразылық көрсетті.

Ислам ынтымақтастық ұйымы сыртқы істер министрлері кеңесі Сауд Арабиясының Джидда қаласында кезектен тыс жиналды. Жиналыста Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Батыс Шериядағы Иордания қойнауы жайлы мәлімдемелерін қолға алды.

Түркия атынан жиналысқа қатысқан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Нетаньяхудың сөздерін Израиль сайлауында дауыс жинау үшін жасаған сұмпайы әрекет ретінде түсіндірді. Нетаньяхудың халықаралық құқықты аяқ асты еткенін білдірді.

Чавушоғлұ жиналыстан кейін әлеуметтік медиа арқылы да мәлімдеме жасады. Министр Палестиналықтарға қарсы мемлекеттік терроризмнің жасалғанына назар аударды. Түркияның әрқашан Палестина халқының қасында болғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар