Чавушоғлу Мюнхенде өзара дипломатиялық кездесулер өткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «56-шы Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына» қатысты.

1360333
Чавушоғлу Мюнхенде өзара дипломатиялық кездесулер өткізді
cavusoglu-Bogdan Aurescu.jpg
cavusoglu.jpg
cavusoglu-wang vang yi.jpg
cavusoglu-zarif.jpg
eymen es-safedi-cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «56-шы Мюнхен Қауіпсіздік конференциясына» қатысу үшін барған Германияның Мюнхен қаласында кейбір елдерден әріптестерімізбен екі жақты келіссөздерді жалғастырды.

Мевлүт Чавушоғлу испан әріптесі Жозе́п Борре́ль Фонте́льес иорданиялық әріптесі Эймен эс-Сафеди, ирандық әріптесі Мұхаммед Джевад Зариф және француз әріптесі Джан-Ив-ле Дариан мен оңаша бас қосты.

Чавушоғлу сондай-ақ Голландия Сыртқы істер министрі Стеф Блок, Финляндия Сыртқы істер министрі Рекка Хаависто, АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Келли Крафт және кейбір АҚШ-тық сенаторлармен бас қосты.

Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен бас қосқан Чавушоғлу қытайлық әріптесіне жаңа коронавирус (Kovid-19) салдарынан қаза тапқандарға қайтадан көңіл айтып, қосымша медициналық материалдар жіберуге дайын еендерін тілге тиек етті.

Чавушоғлу Украинаның бұрынғы президенті Петр Порошенко, Кувейт Сыртқы істер министрі Ахмед Насыр әл-Мұхаммед эс Сабах және Румыния Сыртқы істер министрі Богдан Аурескумен де кездесті.



Ұқсас жаңалықтар