Чавушоғлу румыниялық және польшалық әріптестерімен кездесті

Түркия-Румыния-Польша Сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуінің 10-шы жиналысы Стамбулда өтті.

1833612
Чавушоғлу румыниялық және польшалық әріптестерімен кездесті
Bogdan Aurescu-Mevlut Cavusoglu.jpg
Zbigniew Rau-Mevlut Cavusoglu.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Румыния және Польша Сыртқы істер министрлері Богдан Ауреску және Збигнев Раумен жеке-жеке кездесті.

Мевлүт Чавушоғлу Президенттіктің Стамбулдағы Долмабахче кеңсесіндегі кездесулерге қатысты Твиттер желісіндегі мәлімдемесінде румыниялық әріптесі Аурескумен екі жақтылы және аймақтық мәселелерді, соның ішінде Украина тақырыбын талқылағандарын білдіріп:

«Дипломатиялық мұрағат бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық»деді.

Чавушоғлу польшалық әріптесі Раумен екіжақты қарым-қатынастарды да талқылағандарын айтып:

«Біз жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесін құрамыз» деді.

Министрліктен кеше жасалған мәлімдемеде Түркия-Румыния-Польша Сыртқы істер министрлерінің үшжақты кездесуінің 10-шы жиналысы Түркияның үй иесі болоуымен Стамбулда өтетіні жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар