Эмине Ердоған пәкістандық жастарды Түркияға шақырды

Эмине Ердоған пәкістандық жастарды университеттерде оқулары үшін Түркияға шақырды.

1360044
Эмине Ердоған пәкістандық жастарды Түркияға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Эмине Ердоған пәкістандық жастарды университеттерде оқулары үшін Түркияға шақырды.

Эмине Ердоған Пәкістанның астанасы Исламабадта Файсал Маариф мектебін аралады.

Эмине Ердоған бұл жердегі сөзінде Пәкістан мен Түркияның тарих бойынша бауырлас ел екенін еске салып, екі ұлттың ортақ мәдениеті және құндылықтарынан нәр алғанын айтты.

Эмине Ердоған Түркияның соңғы жылдарда университет санының көбейгенін мен  білім беру сапасының жақсарғанын білдіріп, ең көп шетелдік студентті күтіп алған елдердің біріне айналғанын атап өтті.

Эмине Ердоған «2023 жылғы нысанамыздың бірі 200 мың халықаралық студентке үй иелігін жасау. Әрине пәкістандық студенттер үшін Түркия шетел емес, екінші бір отан. Сондықтан сіздерді Түркияда оқу үшін шақырымын» деген сөздер қолданды.

Эмине Ердоғанға Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұның жұбайы Хулия Чавушоғлұ, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың жұбайы Шуле Акар, Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмездің жұбайы Мерал Дөнмез де серік болды.

 



Ұқсас жаңалықтар