"Эпидемияда қатты қиыншылық шеккен жоқпыз"

Ердоған Президенттік сарайда өткен бір жиында сөз сөйледі.

1571462
"Эпидемияда қатты қиыншылық шеккен жоқпыз"

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирус вакцинасы тақырыбында жылдам қадам басып,  вакцинаны алдыра бастағандарын айтты.

Ердоған Президенттік сарайда өткен бір жиында сөз сөйледі.

Баяндамасында Түркияның қызмет инфрақұрылымының мықты екенінің дағдарыс кезінде белгілі болғанын айтқан Ердоған: «Эпидемия кезінде әлеуметтік қолдау жүйесінің қолжетімділігін де сынап көрдік. Бір жылдық эпидемия кезеңінде өте ауыр медицина дағдарысы болмады. 46 миллиардтан асатын әлеуметтік қорғау қалқаны төлемдері және қолдауларымызбен елімізді құлдыраудан аман алып қалдық» деді.

«Ең дамыған елдерде де өте аянышты сахналар болды. Осы процесті біз аз қиыншылықпен артта қалдырдық. Әлемнің ең дамыған елдерінде қазір вакцина тапшылығы бар.  Біз болса жылдам қадам басып, вакциналарымызды алдыра бастадық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар