Фидан «Израиль өзінің қатыгездігімен жалғыз қалды» деді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан әлемнің күрделі және қиын үдерістерден өтіп жатқанын баса айтты.

2120794
Фидан «Израиль өзінің қатыгездігімен жалғыз қалды» деді

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі  қабылдаған Газа секторында шұғыл атысты тоқтату туралы қарар жобасына қатысты «Израиль өзінің қатыгездігімен жалғыз қалды» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның ұлты үшін күндіз-түні еңбек етіп, күрескенін түсіндірген Фидан ұлттық қайта өркендеу кезеңіне аяқ басқанын және бұның   да  «Түркияның ғасыры» екенін айтты.

Фидан қорғаныс өнеркәсібінде жергіліктендіру мен ұлттандыру көрсеткішінің 80 пайызға дейін көтерілгенін атап өтті.

Министр Фидан «Мықты саяси ерік-жігер, ұлттық құралдар мен мүмкіндіктердің ұлғаюымен бірге біз елдегі барлық лаңкестік ұйымдардың белін сындырдық. Біз Сирия мен Иракта арқы жағында кімнің тұрғанына қарамастан терроризммен табанды түрде күрес жүргіздік» деді.

Хакан Фидан әлемнің күрделі және қиын үдерістерден өтіп жатқанын баса айтты.

Фидан «Бүгінгі таңда біз әр түрлі қиын жағдайларға қарамастан, бір жағынан Украинада, Газада, Оңтүстік Кавказда, Иракта, Ливияда және Балқанда бейбітшілік орнатуға тырысудамыз. Енді бір  жағынан отандастарымыз бен діндес бауырларымызды қорғау үшін қолымыздан келгенін істер жатырмыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар