Германия Түркияға алғыс айтты

Түрік Әуе жолдары неміс азаматтарын еліне жткізіп берді.

1426226
Германия Түркияға алғыс айтты

Германия азаматтарының елге эвакуациялануына қолдау көрсеткен Түркияға алғыс білдірді. 

Германия Сыртқы істер министрлігінің “Дағдарыс реакция орталығының” хабарламасында “Сыртқы істер министрлігі ретінде түрік әріптестере Перу және Колумбиядағы көмектері және ынтымақтастықтары үшін алғыс айтамыз. Осы арқылы жүзден астам неміс азаматы елге келді. Рақмет” деп жазылды. 

Осы арада Түрік Әуе жолдары ұшағының Богота мен Ливадан алынған неміс азаматтарын Франкфуртқа жеткізіп бергені атап көрсетілді. 

Сонымен қатар Германия Сыртқы істер министрлігі Түркия бөлімшесінің де Түркияның Германиядағы өкілетті елшілігіне телефон шалып, алғыс айтқандары білдірілді. 

Колумбия мен Перудан эвакуацияланған 258 Еуропа Одағы азаматы арасында Франция, Чехия, Португалия, Швейцария, Австрия, Финляндия, Болгария,  Испания,  Швеция, Норвегия,  Польша және Италия азаматтары бар екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар