Герцог Түркия қарым-қатынасына тоқталды

Израиль президенті Ицхак Герцог президент Режеп Тайып Ердоғанмен жақсы диалог ішінде болғаны үшін риза екенін айтты.

1832639
Герцог Түркия қарым-қатынасына тоқталды

Израиль президенті Ицхак Герцог "Давос саммиті" деп аталған Бүкіләлемдік Экономикалық форумының арнайы сессиясында  Бүкіләлемдік Экономикалық форумы төрағасы Берге Бренденің Түркиямен қарым-қатынастары және Израиль президентінің наурыз айында Түркияға жасаған сапары туралы сұраққа жауап берді. 

Билікке келгеннен кейін президент Ердоғанмен бірге жақсы ниетті бір процесс бастағанын түсіндірген Герцог "Бұл процестің ең маңызды түйіні болса наурыз айында Анкара және Стамбулға жасалған тарихи сапар. Бүгін жаңа бір белеске жеттік. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу алдыңғы күні және кеше Израильге ресми сапар жасады" деді. 

Герцог Чавушоғлуның Израиль Сыртқы істер министрі Яир Лапидпен кездескенін және қарым-қатынас тақырыбында келісімге барғанын баяндады. 

Израиль президенті Ицхак Герцог "Біздің мақсатымыз Жерорта теңіздегі барлық көрші және дос елдермен диалог ішінде болу" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар