"Ең үлкен қауіп - PKK"

Анкарада Үштік саммит аяқталды.

1270604
"Ең үлкен қауіп - PKK"

 Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда енді ең үлкен қауіптің ДАИШ емес, YPG/PKK екенін айтты. 

Президент Ердоған, Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Рухани Анкарада Чанкая сарайындағы Түркия - Ресей-Иран үштік саммиттен кейін ортақ баспасөз мәслихатын ұйымдастырды. 

Ердоған осындағы сөзінде Үштік саммитте Сирияда саяси шешім үмітінің отын жағатын маңызды шешімдер қабылдағандарына назар аударды. 

ДАИШ - пен күрес деген сылтаумен террор ұйымдарында қолдау берілуінің қабылданбайтынын атап көрсеткен Ердоған "Сирияның болашағы үшін ең үлкен қауіп PKK және оның жалғасы YPG/PYD/PKK" деді. 

Ердоған "Осы елдегі YPG/PYD/PKK болмысы жалғасқан сайын не Сирия, не аймақта тыныштық орнамайды. Үштік саммитте Сириямен шекарамызда террор құрылымына еш разы болмайтынымызды жеткіздім" деді. 

Түбегейлі мақсаттың Сирияның солтүстігінде бейбітшілік дәлізі орнатып, елдің бөлінуіне кедергі болу екенін айтқан Ердоған " Евфрат өзенінің шығысындағы бейбітшілік дәлізі босқындар үшін де пана болады. Елімізге бас сауғалап келген кемінде 2 миллион Сириялық бауырымыз қоныстанады деп есептеп отырмыз. Кері оралатын сириялықтар үшін жаңа елді мекендер салыну мүмкін. Түркия осы тақырыпта да барлық жауапкершілікті алуға дайын. Әрі Ресеймен, әрі Иранмен, әрі халықаралық қоғамның басқа елдерімен Сириялық босқындардың оралуы үшін жұмыстануды қалаймыз "деді. 

Иран президенті Хасан Рухани болса Америка Құрама Штаттарының Сирияда террористтерге қолдау бергеннің айтып:" АҚШ Сирияны бөлуге тырысты. Бұны қабылдауға болмайды "деді 

Ресей президенті Владимир Путин де қабылданған декларацияда Сирияда түбегейлі бейбітшілік үшін баптар орын алғанын айтып:"Енді Атазаң комиссиясы жұмыс істей бастауы қажет. Сирияның экономикалық және әлеуметтік жаңалану процесі басталуы керек "деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар