ЕО-дан Түркия туралы хабарлама
Джозеп Боррель Түркиямен соңғы апталардағы жағымды бағытты жалғастыруға шешім қабылдағандарын білдірді.
1571366
Еуропа Одағы Сыртқы байланыстар мен қауіпсіздік саясаты жоғары комиссары Джозеп Боррель Түркиямен соңғы апталардағы жағымды бағытты жалғастыруға шешім қабылдағандарын білдірді.
Боррель ЕО Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін баспасөзге брифинг берді. Ол Түркия мен ЕО қарым –қатынастарының жиналыстың тақырыптарының бірі екенін айтып: «Түрік басшылардың соңғы ЕО Кеңесі жиналысынан беру жолдаған жағымды хабарламаларын жазып алдық» деді.
Ол Түркиямен диолог және ынтымақтастықты нығайту үшін байланыстың маңызын атап көрсетті. Түркия мен Грекия арасындағы келіссөзді меңзеп, екі ел арасындағы теңіз келіспеушіліктерінің шешімінің БҰҰ Теңіз құқығы келісімшарты негізінде болуы мүмкін екенін алға тартты.