Ердоған Аясофия жөнінде ұлтқа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Аясофияның есігі жергілікті және шетелдік мұсылман және мұсылман емес баршаға шексіз ашық болатынын айтты.

1453060
Ердоған Аясофия жөнінде ұлтқа үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған Аясофияның есігі жергілікті және шетелдік мұсылман және мұсылман емес баршаға шексіз ашық болатынын айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Мемлекет кеңесінің 10-шы департаменті шешімімен Аясофияның ғибадатқа ашылуына орай Аясофия мешітінің Дін Істері Басқармасына өткізіліп берілгенін және ғибадатқа ашылуына шешім қабылданғанына байланысты ұлтқа үн қатты. 

Ердоған:

"Адамзаттың ортақ мұрасы болған Аясофия жаңа мәртебесімен баршаға құшақ ашуды тіпті шынайы, тіпті еркін түрде жалғастырады" деді. 

Баршаны Түркияның заң органдарының шешіміне құрмет көрсетуге шақырған Ердоған орынсыз көзқарас пен мәлімдемелерді тәуелсіздігімізге шабуыл ретінде қабылдайтынымызды айтты.  

Президент Режеп Тайып Ердоған

"Венецияның Аясофияның мұражайға өзгертіліп, ғибадатқа жабылуын талап етуімен мұражай болуында қасарсуы ұқсас тұғырдан туындайды" деді.

Президент Стамбұлдың Османлы Императоры Фатих Сұлтан Мехмет тарапынан 1453 жылы жеңіп алуынан кейін Аясофияның мешітке өзгертілгенін ескертті.

"Бұл 567 жылдық құқық. Сенімді негізге алған талас-тартыс болса, бұл Аясофия емес, Исламға дұшпандық және шетелдіктерге өшпенділік" деді Ердоған.

Түрік ұлтының Аясофияны қорғап келгенін айтқан Ердоған:

"Мұның дәлелі - "Құдайдың құдыреті" мағынасына келетін өз атын өзгертуді ойламағаны" деді.

Ердоған 2020 жылы 24 шілде, жұма күні  жұма намазымен бірге 86 жылдан кейін Аясофияны ғибадатқа ашуды жоспарлағандарын хабарлады.

Ердоған Түркияда ғибадатқа ашық 435 шіркеу, синагога мен хавраның болуы  түрлішеліктерді байлық ретінде қарауының нәтижесі екенін атап өтті.

"Аясофияның жандануы Ақса Мешітінің еркіндікке жетуінің хабаршысы болады" деді президент Ердоған.  

 



Ұқсас жаңалықтар