Ердоған бүкіл ел Измирдің қасында екенін айтты

Ердоған: " Измирдегі зілзалада үйлері құлаған азаматтарымызға қысқа уақытта жаңа үй салып береміз" деді.

1519377
Ердоған бүкіл ел Измирдің қасында екенін айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған мемлекеттің барлық мүмкіндіктерімен Измирде зілзаладан зардап шеккен азаматтардың қасында екенін айтты.

Ердоған төрағасы болған Әділет және даму партиясының Ататүрік қала стансасында ұйымдастырылған Ван 7-ші кезектен тыс конгресінде сөз сөйледі.

Президент Ердоған Измирдегі зілзалаға байланысты:

"Зілзаладан кейін министр, депутат, барлық ұйымдар, Қызыл жарты ай қоғамы, Апат және төтенше жағдайлар басқармасы барлығы бірге Измирдегі бауырластарымыздың жәрдеміне жүгірді. Измирдегі зілзалада үйлері құлаған азаматтарымызға қысқа уақытта жаңа үй салып береміз" деді.

Измирдің Сеферихисар ауданы су айдынында кеше 6.6 балл зілзала болды. 

Денсаулық министрі Фахреттин Кожа қазірге дейін 26 кісі қаза тапқанын жариялады.

"25 кісі ауыр,  381 адам емделіп жатыр. 4 операция жасалды" деген Кожа 504 кісінің емделіп шыққанын айтты.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасқан 17 ғимараттың 9-ы тексерілді, қалған 8 ғимараттағы жұмыстар жалғасуда.  



Ұқсас жаңалықтар