Ердоған Мәскеуде болған террорлық шабуылды айыптады

Ердоған «Біз жазықсыз бейбіт тұрғындарды нысанаға алған бұл жантүршігерлік лаңкестік шабуылды қатаң айыптаймыз» деді.

2119265
Ердоған Мәскеуде болған террорлық шабуылды айыптады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейдің бас қаласы Мәскеуде болған террорлық шабуылды айыптады.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған «Ұлы Анкара митингісінде» халыққа үндеу жасады.

Ердоған сөзінің басында кеше Мәскеуде концерт залында болған террорлық шабуылға байланысты Ресей үкіметіне Түркия елі және түрік халқы  атынан көңіл айтты.

Ердоған «Біз жазықсыз бейбіт тұрғындарды нысанаға алған бұл жантүршігерлік лаңкестік шабуылды қатаң айыптаймыз» деді.

Президент Ердоған  «Терроризм кімнен келсе келсін, қылмыскер кім болса болсын қабылданбайды. Терроризмнің қанды бетін жақсы білетін ел ретінде біз ұлт және мемлекет ретінде орыс халқының қайғысына ортақпыз. Адамзаттың ортақ жауы  терроризммен күресті жалғастырамыз» деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар