Ердоған мен Байден кездесті

Ердоған «НАТО-ны нығайту үшін жасалатын қадамдар бейбітшілік үдерісіне ерекше үлес қосады» деді.

1850088
Ердоған мен Байден кездесті

Президент Режеп Тайып Ердоған «НАТО-ны нығайту үшін жасалатын қадамдар Ресей-Украина бейбітшілік үдерісіне ерекше үлес қосады» деді.

Президент Ердоған НАТО лидерлер саммиті аясында Испанияның бас қаласы Мадридте АҚШ президенті Джо Байденмен кездесті.

Кездесуден бұрын айтқан сөзінде Ердоған ұзақ уақыттан кейін Байденмен қайта кездесуге қуанышты екенін білдірді.

НАТО саммитінің күн тәртібі жағынан өте күшті саммит екенін атап көрсеткен Ердоған: «Ертеңгі саммитте жалғасатын жұмысымыздың арқасында біз өз елдерімізге көп нәтижемен оралу мүмкіндігін табамыз деп ойлаймын. Сіздің бұл тақырыпта АҚШ ретіндегі ұстанымыңыз және НАТО-ны нығайту үшін басылатын қадамдар Ресей-Украина бейбітшілік үдерісіне ерекше үлес қосады» деді.

Президент Ердоған 24 ақпаннан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына байланысты соңғы кездері астық пен мазут саласында келеңсіз оқиғалардың орын алғанына назар аударды.

«Біз бұл процесті теңгерімді саясатпен шешуге тырысамыз. Бұл тепе-теңдік саясаты арқылы нәтиже аламыз деп үміттенеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар