Ердоған мен Макрон телефон арқылы сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.

1833120
Ердоған мен Макрон телефон арқылы сөйлесті

Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда әңгіме барысында Түркия-Франция қарым-қатынастарына қоса, Украина-Ресей соғысы және Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелік бастамасы сияқты  мәселелер талқыланды.

Президент Ердоған кездесуде 24 ақпан күнінен бері соғысып жатқан Ресей мен Украина арасында тез арада әділ бір бейбітшілікке қол жеткізілуін қалайтындарын, екі елді келіссөз бен дипломатия жолында ынталандыруды жалғастыратынын атап көрсетті.

Президент Ердоған Швеция мен Финляндияның бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG бақылауындағы жеке тұлғалар және өздері атаған ұйымдарымен байланыстарының НАТО шаңырағы астындағы одақтастық рухымен үйлеспейтінін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар