Ердоған НАТО саммитінде Түркияның террормен күресін таныстырды

Ердоған НАТО көшбасшыларының саммитінде лидерлерге Түркияның терроризммен күресі түсіндірілетін видеоны көрсетті.

1850409
Ердоған НАТО саммитінде Түркияның террормен күресін таныстырды

Президент Режеп Тайып Ердоған НАТО көшбасшыларының саммиті аясындағы терроризмге арналған сессияда лидерлерге Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы дайындаған Түркияның терроризммен күресі түсіндірілетін бейнежазбаны көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Испанияның астанасы Мадридте НАТО көшбасшыларының саммиті аясындағы "терроризм" тақырыпты сессияға қатысты.

Ердоған отырыста лидерлерге "НАТО террордың барлық түрімен күресуге кепілдік беруі керек" деген тақырыптағы видеоны тамашалатты.

Бөлшектеуші террористік ұйымдар PKK/YPG, DEAŞ және FETÖ (ДАИШ және ФЕТО) тарапынан Түркияда жасалған шабуылдардың көріністері берілген видеода Түркияның барлық террорлық ұйымдармен жүргізген батыл күрестері көрсетілді.

Видеода Түркия күресіп жатқан террористік ұйымдардың операциялары мен ереуілдеріне кейбір елдердің рұқсат бергені және осы ұйымдарды қолдағаны жайлы көріністер де орын алды.

Түркияда 40 мыңнан астам адамның терроризм себепті қаза тапқаны айтылған видеода:

"Стратегиялық және шайқалыстағы бір географияда тұрған Түркияның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы террор ұйымдары тарапынан үнемі нысанаға алынып келеді.  Соңғы 40 жылда Түркия PKK-ның ел ішіндегі қаупін жойды. Сирияда ДАИШ-ты күйретті, ФЕТО тарапынан ұйымдастырылған 15 шілде төңкеріс талпынысына қарсы күресте жеңіске жетті. Террорлық лаңкестіктерде он мыңдаған азаматы шейіт болған және елдің амандығы мен тұрақтылығын қамдау үшін миллиардтаған долларлық қаржы жұмсаған Түркия террормен күресте ауыр беделдер өтеді" деген сөздермен Түркияның террормен күрес барысы баяндалды.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенбергтің:

"Ешбір НАТО одақтасы Түркия сияқты террорлық шабуылдарға ұшырамағанын түсінді және мұны ұмытпауымыз керек" деген сөздері ескертілген видеода Еуропадағы одақтастардың Түркияға беталған террорға қарсы тұғырына назар аударылды.

Францияның астанасы Париж, Ұлыбританияның астанасы Лондон, Голландияның астанасы Амстердам, Финляндияның астанасы Хельсинки, Швецияның Мальмё және Германияның Дюссельдорф қалаларындағы террористік ұйымды қолдаушылардың ереуілдері көрсетілген видеода:

"Түркия террорге қарсы батылдықпен күресіп жатқанда НАТО одақтастары өкінішке орай, Анкараның ұлттық қауіпсіздік алаңдарына көздерін жұмды. Көптеген еуропалық одақтас Түркияның ұлттық қауіпсіздігі мен түрік азаматтарының өміріне қауіп төндірген террористік ұйым PKK және жалғасы болған топтарға тікелей немесе жанамалай саяси, қаржылай және қару-жарақ қолдауын беруді жалғастырды" деп көрсетілді.

АҚШ-тың террор ұйымы PKK-ның Сириядағы тармағы YPG тобына террормен күрес бетпердесімен ақша, білім беру және қару-жарақ жәрдемін жалғастырып жатқаны баяндалған видеода Пенсильваниядағы ФЕТО лагерінің көріністерімен бірге «ФЕТО жетекшісі әлі де жауапкерліктен қашып, Пенсильваниядағы саяжайында өмір сүріп жатыр, әрі террор ұйымына нұсқау беруді жалғастыруда» деп көрсетілді.

Террористік ұйымдардың әлем көлемінде асқақтап кетуі мен іс-шараларын жалғастыруы НАТО-ның террордың барлық түріне және террорлық лаңкестіктерге қарсы бұрынғыдан да қырағы болуын талап ететінін атап өткен бейне көріністе:

"Ұйымшылдық ішінде болу және барлық мүше елдің ұлттық қауіпсіздігіне құрмет көрсету НАТО-ның террормен күресте табысқа жетуі үшін өте маңызды, сонымен бірге одақтың ортақ қорғаныс, дағдарысты басқару және ынтымақтастықпен амандықты сақтау сияқты террорге қарсы міндеттерін атқаруына есе қосады. Мадрид саммитінде террормен күрес күн тәртіптің басты орнын иелеп отырған кезде мүше елдер өзара жауапкерліктерін тағы бір мәрте ескеруі, террордың барлық түріне қарсы күреске толық қолдау беруі керек. Бірге болғанда ғана күштіміз және бірге болғанда ғана террорды жеңеміз" деген үндеу тасталды.



Ұқсас жаңалықтар