Ердоған Наурыз мерекесімен құттықтады

Ердоған «21 Наурыз Наурыз мерекесіне» орай құттықтау жариялады.

1167499
Ердоған Наурыз мерекесімен құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған көктемнің хабаршысы Наурыздың сүйіспеншілік пен достықтың мерекесі ретінде тойлануы үшін тілектестік білдірді.

Ердоған «21 Наурыз Наурыз мерекесіне» орай құттықтау жариялады.

Құттықтауда Ердоған: «Көктемнің хабаршысы, біз үшін өткенді және болашақты бірлік пен татулық ішінде сақтап қалу деген мағынаға келетін Наурыз мерекесімен құттықтаймын» деді.

«Өзгешеліктерді байлық деп қабылдайтын, бейбітшілік, кішіпейілділік, сүйішпеншілік пен бауырластық секілді ғаламдық құндылықтардан нәр алған бір өркениеттің өкілдері ретінде біз Наурыздың қайта жандану рухын әрқашан сақтап, аймағымызда және әлемде болып жатқан келеңсіздіктерге қарсы өзіміздің тарихымыздан келетін күшімізбен күресімізді жалғастырамыз» деді ол.

Наурыздың елдің түкпір-түкпірінде және бауырлас елдерде достықтың мерекесі ретінде тойлануын тілеген президент: «Молшылық пен берекеттің мерекесі Наурыздың ұлтымыз үшін жақсылық әкелуін тілеймін» деді.



Ұқсас жаңалықтар