Ердоған Путин және Трамппен кездеседі

Ердоған  әрі Ресей Президенті Владимир Путин, әрі АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі.

02 Eylül 2019 14:33

Ердоған Путин және Трамппен кездеседі.

Президент Режеп Тайып Ердоған Идлибтегі оқиғалар жайлы  әрі Ресей Президенті Владимир Путин, әрі АҚШ Президенті Дональд Трамппен кездеседі.

Бұл тақырыпты Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын кабинет жиналысымен байланысты мәлімдеме жасаған кезде тілге тиек етті.

Калын 9-шы қадағалау пунктерінің жабылуының немесе басқа жерге апарылуының мүмкін  емес екенін білдірді.