Ердоған Путинмен сөйлесті

Ердоған мен Путин екі жақты қатынастармен қоса Сирия және Ливиядағы оқиғаларды да қолға алды.

1257411
Ердоған Путинмен сөйлесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путинмен телефонда сөйлесті.

Ердоған мен Путин екі жақты қатынастармен қоса Сирия және Ливиядағы оқиғаларды да қолға алды.

Президент Ердоған орыс әріптесіне Сирияда Башар Асад әкімшілігінің Идлибтегі бітімді бұзып,  шабуылдағанын,  гуманитарлық дағдарысқа жол ашқанын айтты.

Ердоған Идлибтегі түрік бақылау пункттеріне шабуылдардың Сирия дағдарысына шешім ынталарына зиян келтіргенін және Түркияның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіргенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар