Ердоған: "Сирия жайлы маңызды шешімдер жасадық"

Ердоған Сирияның саяси береке-бірлігі мен территория тұтастығын қорғау тақырыбында Ресей және Иранмен толық келісімге келгендерін айтты.

1270590
Ердоған: "Сирия жайлы маңызды шешімдер жасадық"

Ердоған: "Сирия жайлы маңызды шешімдер жасадық" деді. 

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның саяси береке-бірлігі мен территория тұтастығын қорғау тақырыбында Ресей және Иранмен толық келісімге келгендерін айтты.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресей президенті Владимир Путин және Иран президенті Хасан Рухани астана Анкарадағы Чанкая сарайында ұйымдастырылған Үштік Саммит аясында ортақ баспасөз мәслихатын өткізді. 

Ердоған баспасөз мәслихатындағы сөзінде Үштік Самиттің Сириядағы өртті өшіру мақсатымен ықпалды шешімдер қарастыратын және нақтылы қадамдар басылатын тек талпыныс екенін білдірді.

Анкара Саммитінің Астана Саммиті процесіне тың тыныс әкелетініне сенетінін білдірген Ердоған:

"Сирияда бейбітшіліктің орануы үшін тіпті көп жауапкершілік алуымызды, қолымыздан келгеннің барлығын жасауымызды қажет ететін бір кезеңдеміз. Эфврат өзенінің шығысындағытеррористтер батпағын тазалап, осы бағыттағы талпыныстарымызды бірге тың белеске көтереміз" деп баса дәріптеді.

Идлибті қамтыған көз алдағы жағдайды, Эвфраттың шығысында болып жатқан оқиғаларды, саяси процестің беталысын және сириялық босқындардың мәселесін қолға алатындарын білдірген Ердоған: 

"Чобанбейдегі емхананы нысанаға алған жексенбі күнгі шабуыл бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ның жауыздық бет-бейнесін  тағы бір рет ортаға шығарды" деді.

Иран президенті Хасан Рухани:

"Иран Сирия дағдарысының тек қана саяси жолдармен шешілетініне, мұның да Сирия халқының қатысуымен іске асатынына сенеді" деп көрсетті.

Рухани:

"АҚШ-тың Сирияда әскер орналастыруы заңсыз. АҚШ күштері аймақтан жылдам кетуі керек" деді.

Соңғы сөзді алған Ресей президенті Владимир Путин:

"Ортақ талпыныстарымыз арқылы Сирияда тұрақтылық орнады және күш қолдану аяқталды. Сириядағы былықпалықтардың шешім табуы үшін бір қадам бастық" деді.



Ұқсас жаңалықтар