Ердоған Сириядағы соңғы жаңалықтарды бағалады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияны нысанаға алған кезкелген бір шабуылға қайтарылатын жауаптың өте ауыр болатынын атап көрсетті.

1130194
Ердоған Сириядағы соңғы жаңалықтарды бағалады

Ердоған Анкарада Түркия палаталар мен биржалар одағы (TOBB) Егіз мұнаралар конференция залында ұйымдастырылған Экономика Мәжілісінде жасаған мәлімдемеде «ДАИШ-тен бастап YPG, PYD баршасына осының беделі ауыр болмақ. Сол үшін ешкім бізді мазаламасын. Біреулер саясатпен, біреулер майданда қарумен, біреулер үстелде дипломатия арқылы Түркияны қайтадан өз саналарында бұрынғыдай бар күшімен шектеуге тырысады. Дегенмен сол күндер артта қалды» деді.

АҚШ, Ресей және басқа орталармен келіссөздердің түсіністік шеңберінде шешілуін армандағандарын атап айтқан Ердоған «Не болатынын күтіп, көз алдымыздағы дайындықтарға қарап отырмыз. Міне шекарада бар күшімізбен күтудеміз. Жаңалықтарды жіті қадағалаймыз. Бізге берілген уәделер орындалып, кезең проблемасыз жалғасатын болса тамаша. Керісінше дайындықтарды жасадық, өз стратегиямыз бағытында қажетті қадамдарды басамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар