Ердоған Түркия экономикасына сенім артқанын айтты

Ердоған: "Экономикамызға деген сенім артуда, өндіріс саласынан рекордтар келе бастады" деді.

1360428
Ердоған Түркия экономикасына сенім артқанын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия экономикасына сенім артқанын, өндіріс саласынан рекордтар келе бастағанын айтты.

Президент Ердоған Технопарк Стамбұл 2-ші саты құрылысының беташар рәсімінде сөйледі.

Ердоған:

"Елімізге 18 жылда ірі еңбектермен қоса ғылым, технология және инновацияны қолдайтын Технопарк Стамбұл сияқты орталықтарды құрдық. Технопарк Стамбұл ұсынып отырған инфрақұрылым, ателье, зертхана және әлеуметтік мүмкіндіктерімен шетелдік компанияларды да қызықтыруда. Стамбұл Технопарктың жұмысы аяқтағанда 1.5 миллион текшеметрлік жабық алаңда мыңнан астам зерттеу-жетілдіру компаниясына үй иесі болады" деді.

Ердоған әлемдегі үздік университеттердің, жетілген зерттеу орталықтарындағы мықты зерттермендердің жұмыстарын жүргізу мақсатымен Түркияны таңдай бастағанын атап өтті. 

Президент Ердоған:

"Өткен жылы жұмысты бастаған Халықаралық Лидер зерттермендер бағдарламасына келген талаптар көңілімізді көтерді. Экономикамызға деген сенім артуда, өндіріс саласынан рекордтар келе бастады" деп көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар