Ердоған Жаңа Зеландиядағы террор шабуылына тоқталды

Президент Режеп Тайып Ердоған Зонгулдактың Ерегли ауданында ұйымдастырылған  митингте халыққа үн қатты.

1166548
Ердоған Жаңа Зеландиядағы террор шабуылына тоқталды

Ердоған Жаңа Зеландиядағы террор шабуылына тоқталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған Жаңа Зеландиядағы террор шабуылдың есебін міндетті түрде сұрайтынын білдіріп, «Жаңа Зеландия сұрамайтын болса, онда біз бұның есебін сұраймыз» деді.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған Зонгулдактың Ерегли ауданында ұйымдастырылған  митингте халыққа үн қатты.

Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында жұма күні екі мешітке террор шабуылының ұйымдастырылғанын, сондай-ақ опасыз шабуылда 50 адамның қаза тапқанын білдірген Ердоған «Террористтің қаруындағы жазулар елімізге жасалатын ойын екенін көрсетуде. Бір террористтің 50 мұсылманды өлтіруінің мағынасын да түсіндік. Өмір сүрген отан топырағындағы тынысымызды бізге көп көргеніңізді де байқадық. 'Анадолы жерінен Еуропа жеріне өтпейсіңдер’ қорқытуын манифестінде жазған қандай террорист екенін ұқтық. Бұның есебін егер Жаңа Зеландия сұрамаса, онда бір сұраймыз» деген сөздер қолданды.

Кейбір күштердің бұрыннан бері түрік және мұсылман дұшпандығын жасағандарын түсіндірген Ердоған «Көп жыл өтсе де бұлар әлі қырғын жасауда. Шекарамызда террор коридорын құруға тырысқандардың да мақсаты осы» деді.

 



Ұқсас жаңалықтар