Ердоғаннан Сирия режим күштеріне қарсы әскери операция ескертуі

Президент Ердоған Әділет және даму партиясының Стамбул Қалалық филиалында жаңа мүшелерді қабылдау рәсімінде үн қатты.

1360191
Ердоғаннан Сирия режим күштеріне қарсы әскери операция ескертуі

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияда Башар Асад режимі ақпан айы соңына дейін келісіммен бекітілген шекараларға кері шегінбеген жағдайда, Түркияның операция бастайтынын білдірді.

Ердоған Түркияның Сириядағы зұлымдығын тоқтату және шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мұның шарт екенін тағы бір рет баса айтты.

Режим күштері Сочи келісімінің шекараларына кері шегінбей Идлибтегі мәселенің шешімін таппайтынын атап көрсеткен президент қажет жағдайда Түркияның майданда жалғыз қозғалатынын атап көрсетті.

Ердоған «Қазір Сирияда жедел түрде Идлибте шешім үшін режим күштерінің шабуылдарын тоқтатуы шарт. Бұл тек қана алдында жасалған келісімдерде белгіленген шекараларға кері шегінуімен мүмкін. Керісінше ақпан айының соңында мұны біз жасаймыз. Достарымыздың қолдауымен жүзеге асыра алсақ ризамыз. Алайда қиын жолдан орындау керек болса, біз оған да дайынбыз» деді.

Ердоған «Сирияны террор ұйымдары мен режимнің зұлымдығынан тазаламайынша бізге тыныш ұйқы харам» деді.



Ұқсас жаңалықтар