Измирдегі зілзала үшін шетелден көңіл айту тілектері келуде

СКТР, Грекия, Әзербайжан және Франция елдері ізгі тілектерін жеткізді.

1519030
Измирдегі зілзала үшін шетелден көңіл айту тілектері келуде

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Эрсин Татар Измирдегі зілзалаға орай президент Ердоғанға телефон шалып, ізгі тілегін жеткізді.

Татар СКТР халқының әрқашан Анадолыдағы бауырластарының қасында болатынын айтты.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалып, Измирдің Сеферихисар ауданы су айдынында болған зілзалаға орай жәрдемге дайын тұрғандарын білдірді.

Әзербайжан Президенттік сарайынан жасалған мәлімдемеде Әлиевтің Ердоғанға зілзалаға қайғырғандары және көңіл айтқаны хабарланды.

Грекия премьер-министрі Кириакос Мичатакис Измирмен бірге Грекияның кейбір аралдарында да болған және 2 кісі қаза тапқан зілзалаға орай президент Режеп Тайып Ердоғанға телефон шалды.

Президент Ердоған мен Мичатакис телефондағы әңгімеде өзара көңіл айтты және шипа тілектерін жеткізді. 

Ердоған қажет болғанда Грекияға жәрдем беруге дайын екенін білдірді. 

Әзербайжан премьер-министрі Әли Еседов Измирдегі зілзалаға орай президенттің орынбасары Фуат Октайға "Әр түрлі жәрдемге дайынбыз" деген сәлем жолдады.

Франция Ішкі істер министрі Геральд Дарманин Эгей теңізі мен Грекия аралдарындағы зілзалаға орай Түркия мен Грекияға қолдау үндеуін жолдады. 

Дарманин Твиттерден жасаған мәлімдемесінде:

"Франция осы ауыр апаттан өту жолында түрік және грек халықтарының қасында болады. Екі елдің үкіметтері қаласа, аймаққа француз жәрдемдері дереу жеткізіледі" деді.

Измирдегі жер сілкінісінде алғашқы анықтамаларға қарағанда, 12 адам қайтыс болды.

Апат және төтенше жағдай басқармасы 12 адамның қайтыс болғанын, 419 кісінің жарақат алғанын хабарлады.

Измир әкімі Яуз Селим Көшгер қалдықтар астынан қазірге дейін 70 адамның құтқарылғанын жариялады. 

  

 



Ұқсас жаңалықтар