Қорғаныс министрі Бюджет комиссиясына 2020 бюджетін ұсынды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар министрліктің 2019 жылғы жұмыстарына тоқталды.

1310599
Қорғаныс министрі Бюджет комиссиясына 2020 бюджетін ұсынды

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Түрік Қарулы күштерінің шекарадан тыс операцияларының арқасында Сирияның солтүстігінде террорлық мемлекет құру қиялының қоқысқа тасталғанын білдірді.

Акар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) Жоспарлау және бюджет комиссиясында министрліктің 2020 жылы бюджетінің ұсынылуының артынан депутаттардың сұрақтарына жауап қайтарды.

«Операцияларда шекара аймақтарымызда қауіпсіздік қамтамасыз етілді» деген Акар 400 мыңнан астам сириялықтың үйлеріне оралғанын атап көрсетті.

Ресейден сатып алынған «S-400 әуе қорғаныс жүйелері жұмыс істей ме?» деген сұраққа қайтарған жауабында Акар «Әрине, жұмыс істейтін болады. Құрылуы және оқу-жаттығу жұмыстары аяқталған соң жоспарланған іс-шарамыз бойынша жүзеге асырамыз» деді.

Акар сондай-ақ Түркияға «F-35» соғыс ұшақтарының төртеуінің тапсырылғанын, біреуінің болса тапсыру үшін ангарда дайын күткенін еске салды.

Хулуси Акар Малатияда «F-35» соғыс ұшақтары қоныстанатын орындардың анықталғанын атап, президент Режеп Тайып Ердоған және АҚШ президенті Дональд Трамп кездесуінің артынан екі ел арасындағы осы тақырыпқа қатысты бір делегация құру жөнінде шешім қабылданғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар