Калын Жерорта теңізінде суға кеткен келімсектер үшін көңіл айтты

Ливия теңіз айдынында келімсектер мінген қайықтың суға кетуі салдарынан 117 адам қаза тапты.

1129330
Калын Жерорта теңізінде суға кеткен келімсектер үшін көңіл айтты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Жерорта теңізінің Ливия теңіз айдынында келімсектер мінген бір қайықтың суға кетуі оқиғасымен байланысты «Осы таусылмайтын трагедия алдында үнсіз қарап отырған және шешім іздемеген халықаралық жүйе жауыздықтың жаңа көрінісі» деді.

Калын әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде «Ливия теңіз айдынында келімсектер мінген қайықтың суға кетуі салдарынан 117 адам қаза тапты. Қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын тілеймін. Осы таусылмайтын трагедия алдында үнсіз қарап отырған және шешім іздемеген халықаралық жүйе жауыздықтың жаңа көрінісі» деді.

Халықаралық көш ұйымының Италиядағы мәлімдемешісі «Flavio Di Giacomo» кеше жасаған мәлімдемеде жерорта теңізінде Ливия маңында суға кеткен қайықтағы 117 келімсектің жоғалғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар