Кейбір қалаларда жұма намазы оқылды

16 наурыз күні жабылған мешіттер кеше жұма намазында жамағатымен қауышты.

1425925
Кейбір қалаларда жұма намазы оқылды

Түркияда коронавирус шаралары шеңберінде топтық ғибадат қылуға шектеу келтірілгеннен кейін алғашқы жұма намазы бірсыпыра қалаларда белгілі мешіттерде оқылды. 

Дін істері басқармасы тарапынан коронавируспен күрес шеңберінде 16 наурыз күні жабылған мешіттер кеше жұма намазында жамағатымен қауышты. 

Алдын ала дезинфекция жүргізілген мешіттерде намаздан бұрын азаматтарға маска таратылып,  әлеуметтік қашықтық қағидасына байланысты ескерту жасалды. Әділет министрі Абдулхамит Гүл,  бұрынғы министрлер,  кейбір депутаттар жұма намазын Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің мешітінде оқыды.



Ұқсас жаңалықтар