Мевлүт Чавушоғлу неміс әріптесі Хайко Мааспен кездесті

Чавушоғлу: "Алманиямен алдағы кезеңде министрліктеріміз арасында Стратегиялық диалог механизмі және Үкіметтер арасында келіссөз жиналыстарын ұйымдастырамыз".

1203214
Мевлүт Чавушоғлу неміс әріптесі Хайко Мааспен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу неміс әріптесі Хайко Мааспен кездесті.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу неміс әріптесі Хайко Мааспен Финляндияның астанасы Хельсинкиде өткізген кездесуіне байланысты әлеуметтік ақпарат желісінен мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлу:

"Алманиямен алдағы кезеңде министрліктеріміз арасында Стратегиялық диалог механизмі және Үкіметтер арасында келіссөз жиналыстарын ұйымдастырамыз" деп көрсетті.

Хельсинкидегі Еуропа Кеңесі министрлер комитеті жиналысы жөнінде де мәлімдеме бөліскен Чавушоғлу:

"Еуропа Кеңесі Еуропада жаңа бір бөлшектеушіліктен алыс тұрғаны жөн. Маман механизмдерінің саяси бейнеге кіруіне рұқсат бермеуі керек. Шетелдіктермен жауласу, Исламға қарсы шығу, еврей дұшпандығы, өшпенділік сөз-сөйлемдері және популизмге қарсы бірге  күрес жасауымыз қажет" деген бағаландырулар жасады. 



Ұқсас жаңалықтар