Мевлүт Чавушоғлу Палестина Сыртқы істер министрі Риад Малкимен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафадимен де бас қосты.

1269816
Мевлүт Чавушоғлу Палестина Сыртқы істер министрі Риад Малкимен кездесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Палестина Сыртқы істер министрі Риад Малкимен кездесу өткізді.

Мевлүт Чавушоғлу Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлері Кеңесінің кезектен тыс жиналысына қатысу үшін барған Сауд Арабиясының Джидде қаласында әріптесі Риад Малкимен кездесу өткізді.

Әлеуметтік ақпарат желісінен кездесуге байланысты мәлімдеме жасаған Чавушоғлу:

"Палестина Сыртқы істер министрі бауырым Риад Малкимен Израильдің орынсыз шабуылдарын қамтыған соңғы кезеңде аймақта болған оқиғаларды талқыладық. Түркия Палестина арманына әрқашан көмекші болады және Палестина халқына деген қолдауын жалғастырады" деп көрсетті.  кездесу өткізді.

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафадимен де бас қосты.

Чавушоғлу:

"Иордания Сыртқы істер министрі Айман Сафадимен бас қостық. Иорданиямен ынтымақтастығымызды екі жақтылы қарым-қатынастармен бірге Палестина тақырыбын да ортақ талпыныспен күшейтуді жалғастырамыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар