Министр Чавушоғлу Давостағы байланыстарын жалғастыруда

Чавушоғлу Бүкіләлемдік экономикалық форум аясында кеше екі жақты байланыстарын жалғастырды.

1345341
Министр Чавушоғлу Давостағы байланыстарын жалғастыруда
çavuşoğlu davos 2.jpg

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Давоста жүзеге асқан 50-ші Бүкіләлемдік экономикалық форум аясында кеше екі жақты байланыстарын жалғастырды.

Министр Чавушоғлу байланыстары аясында Әзірбайжан мұнай фирмасы басшысы Рөвнак Абдуллаевпен бас қосты.

Министр Чавушоғлу сондай-ақ Швейцария Әділет және көш министрі Карин Келлер-Сюттерге қоса, Руанда Сыртқы істер министрі Винсент Бирутамен бөлек кездесті. Кездесуде екі жақты және аймақтық тақырыптардың қолға алынғаны білдірілді.

Мевлүт Чавушоғлу Давоста болып өткен 50-ші Бүкіләлемдік экономикалық форумда (WEF) "Alibaba Group" және "Mahindra Grup" компанияларының басшыларымен де бас қосты.

Министр Чавушоғлу "Alibaba Group" компаниясының басшысы Майкл Эванс және "Mahindra Grup" компаниясының басшысы Ананд Махиндрамен бөлек бас қосты.

Министр Чавушоғлу компания басшыларымен Түркиядағы инвестиция жоспарларын қолға алды.

Чавушоғлу сондай-ақ «Еуразия  үшін жаңа бағыт – Тұрақты даму үшін серіктестік жиналысына» қатысты.

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Грузия премьер-министрі Георгий Гахария да қатысқан жиналыс баспасөзге жабық өтті.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда министр Чавушоғлу Еуразияның кіндігінен орын алған бір ел ретінде Түркияның «Даму жолындағы Азия құрлығы» бағытында көзқарастарын бөлісті.

Чавушоғлу Қайтадан Азия бастамасын түсіндірген жиналыста Түркия, Әзірбайжан және Грузияның қатынас және энергия қауіпсіздігі тақырыбында жасаған ортақ жұмыс пен жобаларға тоқталды.

Твиттерден мәлімдеме жасаған Чавушоғлу «Еуразия  үшін жаңа бағыт – Тұрақты даму үшін серіктестік жиналысында» 21-ғасырдың Азияның өркендеу ғасыры екенін баса айттық» деді.



Ұқсас жаңалықтар