Министр Чавушоғлу Германияда ресми байланыстарын бастады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ливия конференциясы алдында неміс әріптесі Хайко Мааспен бас қосты.

1663275
Министр Чавушоғлу Германияда ресми байланыстарын бастады

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Ливия тақырыпты Екінші Берлин конференциясына қатысу үшін барған Германияда неміс әріптесі Хайко Мааспен бас қосты.

Чавушоғлу өзінің Твиттер аккаунтынан жасаған мәлімдеме «Біз Германия Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен Ливия, көші-қон және кедендік одақ тұрғысынан Еуроодақпен (ЕО) қарым-қатынастарымыз және туризм тақырыптарын талқыладық» деді.

Миниср Чавушоғлу сапары барысында Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбемен де бас қосты.

Ливия премьер-министрлік баспасөз қызметі жасаған мәлімдемеге қарағанда, Дибейбе мен Чавушоғлу Берлин конференциясында алға қойылатын саяси ұстанымдарды үйлестіруді талқылады.

Ливиядағы саяси процесс пен 24 желтоқсан күнгі сайлау талқыланатын Екінші Берлин конференциясы Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Германия қамқорлығында Түркияға қоса халықаралық актерлердің қатысуымен бүгін жиналады.

Ливия дағдарысына саяси шешім іздеу мақсатты алғаш рет 2020 жылы 19 қаңтар күні өткізілген конференцияның екіншісіне Ливия премьер-министрі Абдулхамид Дибейбе, БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмэри Дикарло және Ливияға қатысты елдердің сыртқы істер министрлерінің қатысуы күтіледі.



Ұқсас жаңалықтар