Мосул және Басра консулдықтары ашылады

Түркия елшісі брифинг өткізді.

1361020
Мосул және Басра консулдықтары ашылады

Түркияның Ирактағы өкілетті және төтенше елшісі Фатих Йылдыз Мосул және Басрадағы бас консулдықтардың көктемде міндетін қайта бастайтынын білдірді.

 Елші Ирактың бас қаласы Бағдатта елшілік ғимаратында баспасөз брифингін ұйымдастырды, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Түркия –Ирак қарым-қатынастарының нығайтылуы үшін жұмыстанғандарын айтқан Йылдыз: Саяси және экономикалық қатынастарымыздың кепілі -  ел ел халқы арасындағы мықты байланыс.  Таяу Шығыста екі ел халықтары арасында мықты байланыс болуы көп кездесе бермейтін жағдай.  Қатынастарымыздың гуманитарлық жағын жетілдіру біз үшін өте маңызды» деді.

Өкілетті елші Түркияның Ирактағы өкілетті желісін толықтыра түсетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар