Мұстафа Шентоп Алекса Бечичпен бас қосты

Шентоп: "Көп мәдениет пен этникалық құрылымға ие Черногория біз үшін Оңтүстік шығыс Еуропаның бейбітшілігі мен тұрақтылығына есе қосқан дос ел" деді.

1662900
Мұстафа Шентоп Алекса Бечичпен бас қосты

ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Черногория Парламентінің төрағасы Алекса Бечичпен кездесу өткізді.

Шентоп Анталияда ұйымдастырылған Оңтүстік шығыс Еуропа Ынтымақтастық процесі Парламентерлер Ассамблеясы 8-ші жалпы кеңесіне қатысқан Алекса Бечичпен кездесті.

Түркияның Черногориямен ортақ тарих пен мәдениетті бөліскенін айтқан Шентоп елдер арасында жасалған жоғары өрелі сапарлардың байланыстарды дамытуға есе қосатынын білдірді.

Ковид-19 індеті кезеңінде Түркияның Черногориямен ұйымшылдық көрсеткенін айтқан Шентоп:

"Көп мәдениет пен этникалық құрылымға ие Черногория біз үшін Оңтүстік шығыс Еуропаның бейбітшілігі мен тұрақтылығына есе қосқан дос ел. Тыныштық, байлық пен тұрақтылығына мән берген достарымыз бен бауырластарымыз тұратын елдегі дамуларды тығыз бақылап отырмыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар