Науқас түрік азаматы Түркияға жеткізілді

Ол Ресейде ауруханада жатқан болатын.

1467399
Науқас түрік азаматы Түркияға жеткізілді

Ресейде коронавируспен ауырған, бір мезгіл емделген 60 жасар көлік жүргізушісі Кемал Йылмаз Түркияға жеткізілді.  ТР Денсаулық сақтау министрлігінің жедел жәрдем ұшағы Трабзон қаласына келіп қонды.

26 шілде күні науқастанып, Волгоград қаласында ауруханаға жатқызылған түрік азаматының отбасы Кемал Йылмаздың емінің Трабзон қаласында жасалуын сұрады. Осыған орай Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыранның бастамасымен Денсаулық сақтау министрлігінің ұшағы науқас түрік азаматын Түркияға жеткізді. Йылмаз енді Трабзонда емделеді.



Ұқсас жаңалықтар