Октай СКТР Мараш аймағына барды

Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 1974 жылынан осы таңға дейін жабық болған Мараш аймағын аралады.

1360066
Октай СКТР Мараш аймағына барды

Октай СКТР Мараш аймағына барды.

Президент орынбасары Фуат Октай Солтүстік Кипр Түрік Республикасында 1974 жылынан осы таңға дейін жабық болған Мараш аймағын аралады.

Солтүстік Кипр Түрік Республикасындағы жабық Мараш аймағына бірінші болып барған Октайға Әділет министрі Абдулхамит Гүл, Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа, Мәдениет және туризм министр орынбасары Сердар Чам, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Махир Үнал, Түркияның Никосиядағы өкілетті және төтенше елшісі Али Мұрат Башчери, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы премьер-министрінің орынбасары және сыртқы істер министрі Кудрет Өзерсай серік болды.

Октай және оның басшылығындағы делегацияны бұл жерде Кипр Түрік бейбітшілік күштері қолбасшысы генерал-лейтенат Сезай Өзтүрік және басқа лауазым иелері қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар