Өнжү Кечели БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған Газа шешімі жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Израильдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған Газа шешімінің талаптарын тез арада орындауын қалайтынын білдірді.

2120209
Өнжү Кечели БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған Газа шешімі жайлы мәлімдеме жасады

Түркия Израильдің Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданған Газа шешімінің талаптарын тез арада орындауын қалайтынын білдірді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Өнжү Кечели кеше БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылдаған және Газада дереу атысты тоқтатуға шақырған 2728 (2024) нөмірлі шешім жайлы  сұраққа жазбаша жауап берді.

Баспасөз хатшысы Кечели «Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің Рамазан айында Газада дереу атысты тоқтатуды жариялауын және Газаға гуманитарлық қатынасты қамтамасыз етуді талап еткен шешімін оң қадам ретінде көреміз. Тілегіміз Израильдің бұл шешімнің талаптарын тез арада орындауы » деді.

Кечели Газадағы гуманитарлық апатты тоқтату және Израиль-Палестина мәселесіне тұрақты шешім табу үшін халықаралық қауымдастықты Израильге қарсы ортақ ұстанымға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар