Президент Ердоған Албанияда тұрғын үй тапсыру рәсіміне қатысты

Эди Рама президент Ердоғанның айтқанын істеп, уәделерін орындайтын тұлға екенін мәлімдеді.

1763984
Президент Ердоған Албанияда тұрғын үй тапсыру рәсіміне қатысты

Албания премьер-министрі Эди Рама президент Режеп Тайып Ердоғанның айтқанын істеп, уәделерін орындайтын тұлға екенін атап көрсетті.

Президент Ердоғанның қатысуымен Түркия-Албания жер сілкінісі тұрғын үйлерінің кілтін тапсыру рәсімінде сөйлеген Рама бүгінгі күнді ерекше күн деп бағалады.

Ердоғанның досы болудың өзі үшін үлкен мақтаныш екенін айтқан Рама міндетіне байланысты жылдар бойы көптеген мемлекет басшыларымен кездескенін, одан Ердоғанмен жақын достығы туралы жиі сұралатынын атап «Менің жауабым негізі өте қарапайым болады. Режеп Тайып Ердоған айтқанын істеп, уәделерін орындайтын тұлға» деді.

Албания Мәжіліс төрағасы Линдита Николла да Ердоғанға жер сілкінісі кезінде ғана емес, жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) індеті кезінде де қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Курбин мэрі Майлинда Сара болса президент Ердоғанды ​​қарсы алудың өзі және Курбин тұрғындары үшін мақтаныш екенін мәлімдеді.

Түрік халқына, Ердоғанға және басқа да ресми тұлғаларға алғысын білдірген Сара «Үміттері мен күлкілері қайта оралған барлық отбасылар атынан өте қуаныштымын» деді. Сара Президент Ердоғанға «Арамызда әрқашан ерекше орынға ие боласыз» деді.

Албанияда 2019 жылы 26 қараша күні болған 6,3 балдық жер сілкінісі салдарынан 51 адам қаза тауып, 900-ден астам адам жарақат алып, шамамен 17 мыңға жуық адамның үйлерін тастап кетуге мәжбүр қылған зілзаладан 202 мың 291 адам зардап шеккен болатын.

Ердоған жер сілкінісінің дәл артынан зілзаладан зардап шеккендерге тұрғын үй салу жөнінде тапсырма беріп, Қоршаған орта және қала министрлігі мен Албанияның Мемлекеттік қайта құру министрлігі арасында апаттан кейін тұрғын үй құрылысы саласында ынтымақтастық хаттамасына қол қойылды.

Мемлекеттік тұрғын үй басқармасы тарапынан жүзеге асырылған жоба аясында 522 тұрғын үй, коммерциялық бөлімшелер мен автотұрақтар салынды. Үйлердің іргетасын қалау рәсімі 2020 жылдың желтоқсан айында президент Ердоғанның бейнеконференция арқылы рәсімге қатысуымен өткен еді.



Ұқсас жаңалықтар