Президент Ердоған Албанияда

Ердоған мен Рама зілзалада баспаналарынан айырылған отбасылар үшін Түркия салған үйлерді тапсыру рәсіміне қатысу мақсатымен Лач қаласына барды.

1763852
Президент Ердоған Албанияда

Президент Режеп Тайып Ердоған Албания премьер-министрі Эди Раманың шақыруымен ресми кездесулер өткізу үшін Албанияның астанасы Тиранаға барды.

Президент Ердоғанды ​​Халықаралық Ана Тереза ​​әуежайында Албания премьер-министрі Рама салтанатты түрде қарсы алды.

Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Ердоған мен Рама салтанатты қарауылмен амандасып, делегацияларын бір-біріне таныстырды.

Содан кейін Ердоған мен Рама 2019 жылы Албанияда болған зілзала апатында баспаналарынан айырылған отбасылар үшін Түркия салған үйлерді тапсыру рәсіміне қатысу мақсатымен Лач қаласына барды.

Сапар аясында өтетін кездесулерде стратегиялық серіктестік деңгейіндегі Түркия-Албания қарым-қатынастары барлық жағынан қарастырылып, ынтымақтастықты тереңдету үшін басылуы керек қадамдар талқыланады.

Кездесулер барысында екіжақты қарым-қатынастардан бөлек, аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша да пікір алмасылады.

Президент Ердоған Тиранада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) қалпына келтірген Этхем Бей мешітін ашады және Албания парламентінде сөз сөйлейді.



Ұқсас жаңалықтар