Президент Ердоған Австрия премьер-министрімен телефонда сөйлесті
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.
1833703
Президент Режеп Тайып Ердоған Австрия премьер-министрі Карл Нехаммермен телефон арқылы сөйлесті.
Президент аппараты жанындағы Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда кездесуде Түркия-Австрия қарым-қатынастары мен 24 ақпан күнінен бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысына қатысты оқиғалар талқыланды.
Президент Ердоған Украинадағы соғысты бейбіт жолмен тезірек тоқтату мақсатты тараптарды келіссөз құралдарын іске қосуға ынталандыруды жалғастырғандарын білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
"Түркия Еуропа үшін маңызды"
Рютте «Түркиямен жақсы қарым-қатынас Еуроодақ және Нидерланды үшін маңызды» деді.