Президент Ердоған Иран басшысымен кездесті

Оңаша кездесулерден кейін үштік саммит басталады.

1270206
Президент Ердоған Иран басшысымен кездесті

«Түркия-Ресей-Иран үштік саммиті» бүгін президент Режеп Тайып Ердоған, Иран президенті Хасан Рухани және Ресей президенті Владимир Путиннің қатысуымен Анкарада өтеді.

Президенттік Аппарат Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда, саммитте Идлиб тақырыбы, Сириядағы соңғы оқиғалар,  қақтығыстың доғарылуы,  босқындардың елдеріне қайта оралуы, түбегейлі саяси шешім табу тақырыптары қаралады.

Саммиттен бұрын Чанкая сарайында лидерлермен оңаша кездесу жоспарлаған Ердоған алдымен Иран президенті Руханимен бас қосты.  Ердоған Руханимен кездесуінен кейін Путинмен бас қосады. Путин мен Рухани де оңаша кездеседі.

Оңаша кездесулерден кейін үштік саммит басталады.



Ұқсас жаңалықтар