Президент Ердоған Рейтер хабар агенттігіне сұхбат берді

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Түркиямен соғысқан террористтерге қару қамтамасыз етуін сынға алды.

1269240
Президент Ердоған Рейтер хабар агенттігіне сұхбат берді

Ағылшын хабар агенттігі Рейтердің сұрақтарына жауап қайтарған президент Ердоған YPG/PYD-нің PKK террор ұйымының тармағы екенін атап көрсетті.

Президент «Мұны батысқа түсіндіре алмадық. АҚШ осы жерге онмыңдаған жүк көлігі толысымен оқ-дәрі әкелді. НАТО ортағыңыз Түркияға ақшамен сатпаған қаруларды тегін бересіңдер» деді.

Ердоған «террористтер соғысқан Түркия сіз де осыларға қару-жарақ бересіз, бұл қандай одақтастық» деп наразылық көрсетті.

Түркия шекарасында бір террор коридорына ешқашан рұқсат бермейтіндерін баса айтқан Ердоған «Өкінішке орай ‘қауіпсіз аймақ түсінігі’ біз ойлағандай емес. Ойын-сауық саясатына айналады. Егер шыдамымыз тауысылатын болса, өз бағытымызды өзіміз белгілеміз» деп ескертті.



Ұқсас жаңалықтар