Президент Ердоған және АҚШ президенті Трамп телефонмен әңгімелесті

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның Сирияның Манбидж ауданында қауіпсіздікті уақыт жоймай қабылдауға дайын екенін білдірді.

1129592
Президент Ердоған және АҚШ президенті Трамп телефонмен әңгімелесті

Президент Ердоған және АҚШ президенті Дональд Трамп телефонмен әңгімелесті.

Президенттік ақпарат көздеріне қарағанда әңгіме барысында екі жақты ынтымақтастыққа қоса Сириядағы соңғы жаңалықтар қолға алынды.

Өткен апта Манбиджтегі опасыз террор шабуылында қаза тапқан американдық қызметкерлер үшін көңіл айтқан Ердоған осы қайғылы оқиғаның АҚШ-тың Сириядан кері шегіну шешіміне ықпал ету үшін жасалған провокация екенін атап көрсетті.

Ердоған Түркияның Манбидж аймағында қауіпсіздікті уақыт жоймай қабылдауға дайын екенін, бөлшектеуші террор ұйымы PKK мен PKK-ның Сириядағы тармағының осы елдің солтүстік шығысын тұрақсыздандыруға бағытталған бастамаларына рұқсат берілмейтініне назар аударды.

Екі басшы ДАИШ террор ұйымының Сириядағы қалдықтарын тазалау және қайтадан ортаға шығуының алдын ортақ алу тақырыбында келісті.

Президент Ердоған мен президент Трамп қауіпсіз аймақ тақырыбында Түркия және АҚШ Бас Штаб төрағалары арасында жалғасқан келіссөздерді жылдам нәтижелеу және екі жақты сауда көлемін арттыру тақырыптарында ортақ көзқарас білдірді.



Ұқсас жаңалықтар