Президент Ердоған жаңа сақтық шараларын жариялады

Отыз бір қалада көлік қозғалысына тыйым салынды.

1390899
Президент Ердоған жаңа сақтық шараларын жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған коронавирустың жаңа түрімен күрес шеңберінде жаңа сақтық шараларын жариялады. 

Эпидемияға байланысты қалыптастырылған Ғылыми кеңестің ұсынысы бойынша шешім қабылданғанын білдірген президент бүгін түннен бастап жаңа шаралар жүргізілетінін айтты. 

Осыған орай жиырма жастан кіші азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынды.  Отыз бір қалада он бес күн бойы көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынады. Сыртқа шығуға мәжбүр болған адамдар мен адам көп жерлерде маска тағу шарты қойылды. 

Ескертулерге бағынбай, керісінше істеген кісілер жазаға тартылады. 

Президент: “Мақсатымыз - азаматтарды қинау емес,  әрі өз денсаулығын, әрі олармен байланыста болғандардың денсаулығын кепілге алу” деді. 

“Қағидаларға қаншалықты бағынсақ, эпидемияның бағытын соншама бақылауда ұстап,  қауіпті жоюға болады” деген президент Ердоған сөздерін: “Елімізде тұрмысымызды қашан қалыпқа енгізетініміз 83 миллион ретінде біздің қолымызда тұр” деп аяқтады.



Ұқсас жаңалықтар