Президент Ердоғаннан жаңа операция сигналы

Ердоған "Анадолу Эфес" спорт клубы спортшыларын қабылдады.

1832643
Президент Ердоғаннан жаңа операция сигналы

Президент Режеп Тайып Ердоған «Жауынгерлеріміздің бір тамшы қанын жерге қалдырған жоқпыз, қалдырмаймыз да. Біз бұл опасыз шабуылдарға жаңа операциялармен жауап қайтаруды жалғастырамыз» деді.

Ердоған Президенттік сарайда Түрік Әуе жолдары Еуропа лигасының баскетболдан жеңімпазы "Анадолу Эфес" спорт клубының басшылары, жаттықтырушылары және спортшыларын қабылдады.

Ирактың солтүстігіндегі «Пенче-Килит» операциясында шейіт болған 5 сарбазға Алланың рақымын тілеген Ердоған «Жауынгерлеріміздің бір тамшы қанын жерге қалдырған жоқпыз, қалдырмаймыз да. Біз бұл опасыз шабуылдарға жаңа операциялармен жауап қайтаруды жалғастырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар