Президент Стамбулда ауызашар бағдарламасына қатысты

Ердоған: "Израиль Газа секторында Екінші дүниежүзілік соғыстан да қатыгез бір геноцид жасауда".

2119316
Президент Стамбулда ауызашар бағдарламасына қатысты

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газа секторында Екінші дүниежүзілік соғыстағынан да қатыгез бір геноцид жасағанын айтты.

Президент Ердоған Стамбулдағы ауызашар бағдарламасында үн қатты. Ердоған Сирия, Ирак, Судан және Газа секторында болған оқиғалардың Рамазан айының қуанышын сезінуге кедергі келтіретінін атап көрсетті.

Адамгершілігі жоқ лаңкестік мемлекет Израильдің 17 қазан күнінен бері араларында балалар, әйелдер, қарттар және бейбіт тұрғындар бар газалықтарды опасыз түрде қырғанын білдірген Ердоған «Израиль Газа секторында Екінші дүниежүзілік соғыстан да қатыгез бір геноцид жасауда. Соғыс кезінде қолсұғылмауға тиісті ауруханалар, медицина қызметкерлері мен қасиетті орындардың басқыншы күш тарапынан арнайы нысанаға алынғанын көреміз. Біріккен Ұлттар Ұйымынан бастап, халықаралық мекемелер мен ұйымдар болса, Израиль әкімшілігінің бұл жауыздығын қарапайым наразылық көрсетуден басқа ешнәрсе істемеуде. Түркия және бірнеше елден басқа Израиль мен оның батыстық жақтастарына қарсы дауыс көтеретін актер жоқтың қасы» деді.

Түркияның аймақтағы достарымен ынтымақтаса отырып, газалықтарға көмектесуге және олардың азаптарын аз да болса жеңілдетуге тырысқандарын баса айтқан Ердоған «Пайғамбарымыздың хадисіне сәйкес, қолымыз, тіліміз және жүрегімізбен бұл зұлымдыққа қарсы шығып, Газа секторындағы бауырларымызды қолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар