"Сакария жеңісі бізге әрқашан шабыт береді"

Президент Ердоған 13 қыркүйек Сакария жеңісіне орай құттықтау жариялады.

1268136
"Сакария жеңісі бізге әрқашан шабыт береді"

Президент  Режеп Тайып Ердоған 1921 жылғы Сакария жеңісінің Түркияға әрқашан шабыт беретінін және болашаққа апарар жолға жарық түсіретінін айтты.

Президент Ердоған 13 қыркүйек Сакария жеңісіне орай құттықтау жариялады.

Ердоған құттықтауында Сакария шайқасының азаттық күресінде маңызды бетбұрыс болғанын атап көрсетті. Түбегейлі жеңістен бұрынғы соңғы саты болған Сакария жеңісінің түрік ұлтының тәуелсіздік жолындағы үмітін жандандырғанын айтты. «Сакария жеңісі қаһарман армиямызға күш-қуат беріп,  ұлт билігінің мәресі- мәжілістің әлемдегі абыройын арттырды» деді ол.

Ердоған айырықша: «Өте қиын шарттар және тапшылықтарда жүргізілген азаттық күресінің әрбір сатысы және ұлтымыздың бірлігімен қол жеткізілген жеңістер біз үшін шабыт болуын және болашаққа апарар жолда жарық болуын жалғастырады. Сакария жеңісінің барлық қаһармандарын алғыспен еске алып,  азаматтарға шынайы сезімдерімді жолдаймын» деді.



Ұқсас жаңалықтар