Шетелдерде коронавирустан 124 түрік қайтыс болды

Чавушоғлу шетелдерде жаңа типті коронавирус індетінен қайтыс болған түрік азаматтардың саны 124 кісіге көбейгенін жариялады.

12 Mayıs 2020 14:51

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу шетелдерде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен қайтыс болған түрік азаматтардың саны 124 кісіге көбейгенін жариялады.

Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері видео конференциясынан кейін мәлімдеме жасады. 

Чавушоғлу жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті себепті 17 наурыздан бері 50-ден астам елден 20 мыңнан астам түрік азаматының елге әкелінгенін білдірді.

Чавушоғлу шетелдерде коронавирустан қайтыс болған түрік азаматтарына байланысты:

"Өкінішке орай, шетелдерде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінен қайтыс болған түрік азаматтардың саны 124 кісіге жетті" деді.

Сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде  шетелде қайтыс болған түріктердің тізімін жариялады.

Қайтыс болған түріктер мен тұрған елдеріне байланысты тізім төмендегідей:

Францияда: 47 кісі,

Германияда: 23 кісі,

Голландияда: 20 кісі,

Бельгияда: 10 кісі,

Ұлыбританияда: 9 кісі,

АҚШ-та: 6 кісі,

Швейцияда: 5 кісі,

Швейцарияда: 3 кісі, 

Австрияда: 2 кісі қайтыс болды. Алла иман берсін. 

Сонымен бірге, Алжирдетұратын мың 200 түрік азаматын  Түрік Әуе Жолдары және Алжир Әуе жолдары ұшақтарымен елге әкелу үшін жұмыстар басталды. Азаматтарымызды елге әкелу жұмыстары 5 сәуір жексембі күні аяқталады.