Сирияда ДАИШ-тің жанкешті бомба жауапкері ұсталды

Түрік қауіпсіздік күштері террор ұйымының жанкешті бомба жауапкерін Сирияның Азез қаласында ұстады.

1310797
Сирияда ДАИШ-тің жанкешті бомба жауапкері ұсталды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу ұсталған террористің Әл-Насыр Убейде лақапты Юсуф Хуба екенін жариялады.

Операцияға қатысты егжей-тегжейлерді бөліскен Сойлу Юсуф Хубаның бүкіл әлемде интернет арқылы бомба дайындауға үйреткен террорист екенін жариялады.

Сойлу «Азезде ұсталған террор ұйымы ДАИШ басшысы Әбу Джиһад әл-дин Насыр Убейде лақапты Юсуф Хуба ұйымның ықпалды бір тұлғасы. Бомба жасау, бомбалы оқу-жаттығу беру ерекшелігі бар. Ресейде 2018 жылы жасалған бомбалы шабуыл мен Германияның Гамбург қаласындағы сауда орталығы шабуылын жоспарлаған, тапсырмасын берген бұл террорист әлемдегі ДАИШ-тік террористтерге бомба тиелген көлік дайындау, жанкешті бомба дайындау, улап қастандық жасау тақырыптарында жаттықтырған біреу» деді.

Министр Сойлу террористің Сирияда тергеуінің жалғасқанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар